Риши Сунак Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды

Премьер-министр Трасс Ұлыбританиядағы саяси және экономикалық күйзелістерден кейін 20 қазанда отставкаға кететінін мәлімдеді.

1896995
Риши Сунак Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды

Ұлыбританиядағы билік басындағы ​​Консервативтік партияның көшбасшылық бәсекесінде жеңіске жеткен Риши Сунак елдің жаңа премьер-министрі болды.

20 қазанда елдегі партия жетекшісі қызметінен кеткен премьер-министр Лиз Трасстың орнына бұрынғы қаржы министрлерінің бірі Сунак көшбасшылық бәсекесінде жеңіске жетті.

Сунактың бәсекелесі Пенни Мордоунт Twitter-дегі мәлімдемесінде көшбасшылық бәсекесінен бас тартқанын және Риши Сунакты қолдайтынын хабарлады.

Риши Сунак бұрынғы премьер-министрлердің бірі Борис Джонсон 7 шілдеде партия басшылығынан отставкаға кеткеннен кейін басталған көшбасшылық бәсекесінде үміткер болғанымен  дауыс беру нәтижесінде Лиз Трасстан жеңілген болатын.

Сайлау науқаны кезінде «салықты қысқартамыз» деген уәдені жиі берген Трасс премьер-министр қызметіне кіріскеннен кейін үкімет 23 қыркүйекте жалпы сомасы 45 миллиард стерлингті құрайтын салықты азайтуды жүзеге асыруға дайындалып жатқанын жариялады.

Бұл жағдай елдің сыртқы қарызы артады деген үмітті арттырып, стерлингтің күрт құнсыздануына себеп болды.

Экономикалық жоспарлары қатаң сынға алынған соң Ұлыбритания үкіметі табыс салығының 45 пайыздық жоғарғы мөошерін жою жоспарынан бас тартты.

Бұған дейін салықты азайту жоспарында табанды болған Трасс қоғамдық қысымға шыдай алмай 14 қазанда Кваси Квартенгті қаржы министрі қызметінен босатып, орнына Джереми Хантты тағайындады.

Нарықтың құбылма тұрақсыздығын тудырған «қателіктер» үшін кешірім сұрағанына қарамастан, Трасстың қызметте қанша уақыт қалатыны туралы қоғамдық пікірталас өрби түсті.

Премьер-министр Трасс Ұлыбританиядағы саяси және экономикалық күйзелістерден кейін 20 қазанда отставкаға кететінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар