Иран Украинаға саяхат жасамауды ескертті

Мәлімдемеде Украинада тұратын Иран азаматтарына да елден кетуге кеңес берілді.

1896045
Иран Украинаға саяхат жасамауды ескертті

Иран Украинадағы «Әскери қақтығыстардың шиеленісуіне және қауіпсіздіктің нашарлауына» байланысты азаматтарына Украинаға саяхат туралы ескерту жасады.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

«Украинадағы әскери қақтығыстың шиеленісуіне және қауіпсіздіктің нашарлауына байланысты барлық ирандық азаматтарға бұл елге барудан аулақ болуға қатаң түрде кеңес беріледі» деп жазылды.

Мәлімдемеде Украинада тұратын Иран азаматтарына да елден кетуге кеңес берілді.



Ұқсас жаңалықтар