Pfizer-BioNTech және Moderna вакцинасы 6 айлық сәбиге ұсынылды

Еуропалық Медициналық агенттігі 6 айдан асқан балаларға «Комирнати» және «Спикевакс» деп аталатын вакциналарды ұсынды.

1895433
Pfizer-BioNTech және Moderna вакцинасы 6 айлық сәбиге ұсынылды

Еуропалық Одақта (ЕО) Pfizer-BioNTech және Moderna жаңа типті коронавирусқа (Ковид-19)  қарсы вакцинаны 6 айдан асқан балаларға егу ұсыныс етілді.

ЕО-ның дәрілік заттарды реттеушісі Еуропалық Медициналық агенттік 6 айдан асқан балаларға «Комирнати» және «Спикевакс» деп аталатын вакциналарды ұсынды.

Еуропалық Медициналық агенттіктің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес вакциналар Ковид-19 індетінің түпнұсқа штаммына бағытталған.

Pfizer-BioNTech компаниясының «Комирнати» препараты 6 айдан 4 жасқа дейінгі балаларға, ал Moderna-ның  "Spikevax" вакцинасы 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылды.

Алғашқы екі компонент үш апта аралықпен, екінші коммоненттен кейін кемінде 8 аптадан кейін үшінші компонентті егуге болады.

Вакциналар мен препараттарға қатысты зерттеулерден кейін Еуропалық Медициналық агенттік қабылдаған шешімдерді ЕО комиссиясы мақұлдауы керек.



Ұқсас жаңалықтар