Ұлыбританияда ереуіл

Теміржолшылар жалақыны инфляция деңгейіне сай көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.

1894963
Ұлыбританияда ереуіл

Ұлыбританияда теміржолшылар жалақыны көтеруге қатысты келіспеушіліктер салдарынан келесі айда жұмысын қайта тастайды.

Соңғы 40 жылдағы ең жоғары инфляция көрсеткішінен төмен жалақыны қабылдамаған Теміржол, теңіз және көлік кәсіподағы (RTM) 3, 5 және 7 қарашада ереуілге шығатындарын жариялады.

Теміржолшылар жалақыны инфляция деңгейіне сай көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.

Кәсіподақ пен «Network Rail» теміржол операторы арасындағы жалақыны көтеру туралы келіссөздер бірнеше айдан бері жүріп жатыр. Дегенмен RMT жалақаны инфляция деңгейінен төмен көтеру ұсынысын қабылдамағандықтан  әлі консенсусқа қол жеткізілмеді.

RMT бас хатшысы Мик Линч «Network Rail» жалақыны жақсарту туралы уәделерден бас тартқанын, сондай-ақ жұмыстан босату мен кадрлық өзгерістер жасауға тырысқанын айтты.

Кәсіподақ жетекшісі Линч сонымен қатар «Network Rail» компаниясын «келіссөздерде адал емес» деп айыптады.

Елдегі теміржолшылар өткен айларда талай рет ереуілге шығып, 21-23 және 25 маусымда «соңғы 30 жылдағы ең ірі теміржол және метро жұмысшыларының ереуілін» ұйымдастырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар