Росатом: «Түркиямен атом электр стансасы туралы келіссөздерді бастадық»

«Росатом» бас директоры Алексей Лихачев Ресей мемлекеттік «Россия-24» телеарнасына мәлімдеме жасады.

1895053
Росатом: «Түркиямен атом электр стансасы туралы келіссөздерді бастадық»

Ресей Атом энергиясы мемлекеттік агенттігі «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев Түркиямен Синопта Атом электр стансасын салу туралы келіссөздерді бастағандарын жариялады.

Лихачев Ресей мемлекеттік «Россия-24» телеарнасына сөйлеген сөзінде Түркияның Синопта екінші атом электр станциясын салуды жоспарлағанын білдірді.

Синоптың 4 қуат блогы бар үлкен Атом электр стансасының құрылысы үшін тартымды орын екенін, мұны ядролық энергия саласында жұмыс істейтін баршаға белгілі екенін түсіндірген Лихачев «Ірі атом электр стансасының құрылатынын ескере отырып, біз технологиялық бірлестіктер құру, инвестициялық саясат және Түркияның энергетика нарығын қалыптастыру тұрғысынан тәсілдер орнату үшін серіктес түрік іскерлермен келіссөздерді бастадық» деді.

Түркияның алғашқы Атом электр стансасы болатын Мерсиндегі Аккую АЭС-ке қатысты келісімге Ресеймен 2010 жылы қол қойылған болатын. Аккуюда салынатын электр станциясы 4 реактордан тұрады және жалпы орнатылған қуаты 4800 мегаватт құрайды. Бірінші реактор 2023 жылы іске қосылады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар