Иран Украинаға қару бермегендерін білдірді

Иран әкімшілігі: "Ресей-Украина соғысында тараптардың ешқайсысына қару-жарақ экспорт етпедік" деді.

1893972
Иран Украинаға қару бермегендерін білдірді

Иран Ресей-Украина соғысындағы тараптардың ешқайсысына қару-жарақ экспорттамағанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Насер Кенани ел астанасы Тегерандағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында апталық баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Кенани Украина президенті Владимир Зеленскийдің «Ресей Иранда жасалған камикадзе қарулы ұшқышсыз ұшақтарын пайдаланып жатыр» деген мәлімдемесіне қатысты сұраққа жауабында:

"Өкінішке орай, Батыстан шыққан саяси жаңалықтар ескеріліп отыр. Бұған дейін бірнеше рет мәлімдегеніміздей, Иран әкімшілігі Ресей-Украина соғысына (24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан) тарап емес және  соғысқан тараптың ешқайсысына қару-жарақ экспорттаған жоқ» деді.

Украина лидері Зеленский 10 қазанда өзінің Telegram парақшасында бөліскен видео үндеуінде Ресейді Украинада бейбіт тұрғындарға қарсы «террорлық актілер» ұйымдастырды деп айыптады және:

"Украинаның Харьков, Донбасс және басқа да қалаларына шабуылдар жасалды. Шабуылдарда Иранда жасалған қарулы ұшқышсыз ұшақтары қолданылды. Терроризм - жазалануға тиісті қылмыс" деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар