Еуропадан Ганаға азық-түлік үшін қаржылық қолдау

Еуроодақ Гананың азық-түлік қауіпсіздігімен күрес үшін 10 миллион еуро көмек көрсетті.

1893280
Еуропадан Ганаға азық-түлік үшін қаржылық қолдау

Еуроодақ (ЕО) Африканың батысындағы елдердің бірі Гананың азық-түлік қауіпсіздігімен күрес үшін 10 миллион еуро көмек көрсетті.

Ұлттық БАҚ-тың хабарына қарағанда Гана мен Еуроодақ елдеріндегі отбасыларға егін өсіруге көмектесетін жобаны қаржыландыру үшін 10 миллион еуролық келісімдерге қол қойды.

Аталмыш қор азық-түлікті жергілікті нарықта дайын және қолжетімді етіп, елдің климаттық өзгерісімен күресіне қолдау көрсете алады.

Еуроодақ Гана делегациясының төраға орынбасары Питер Смидт Ван Гельдер мәлімдемесінде төтенше шараның «соғыс басталуы және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне болымсыз салдарынан кейінгі рекордтық уақытта» қабылданғанын айтты.

Гелдер ЕО-қа мүше елдерді «жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысына қарсы күш біріктіру және бірге күресу үшін» жұмылдырып жатқанын атап, қордың әсіресе жоғары азық-түлік, тыңайтқыш және жанар-жағармай бағасының қымбаттауынан ең көп зардап шеккен осал аймақтардағы кедейлікті, аштықты және дұрыс тамақтанбауды азайтуға көмектесетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар