Украина 1620 елді мекенді қайтарып алды

Ресей күштерінің Харьков, Донецк, Николайев, Днепр, Запорожье және Херсонға шабуылдарында 8 адамның қаза тапқаны және 20 бейбіт тұрғынның жараланғаны білдірілді.

1893082
Украина 1620 елді мекенді қайтарып алды

Украина Президенттік сарайы Ресеймен соғыс басталған 24 ақпаннан бері 1620 елді мекеннің ресейлік күштерден қайтарылып алынғанын хабарлады.

Украина Президенттік кеңсесі басшысының орынбасары Кирил Тимошенко Telegram парақшасындағы жазбасында Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері ресейлік күштер басып алған елді мекендердің арасында қайта бақылауға алынған аймақтар туралы ақпарат берді.

Тимошенко Украина армиясының Украинадағы Ресей күштері басып алған елді мекендерді бақылауға алу үшін күресін жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Тимошенко елінде 14 қазан «Отан қорғаушылар күні» тойланып жатқанын атап өтті.

"Бұл маңызды мереке. Украинаны қорғаушылар күні. Украина жауынгерлерінің арқасында 1620 елді мекен орыс басқыншыларынан азат етілді" деп көрсетті.

Тимошенко сонымен қатар 13 қазан күні Ресей күштерінің Харьков, Донецк, Николайев, Днепр, Запорожье және Херсон облыстарында жасаған шабуылдары салдарынан  8 адамның қаза тапқанын және 20 бейбіт тұрғынның жараланғанын мәлімдеді.

Харьков қала әкімі Игорь Терехов ресейлік күштердің 14 қазанда Харьков қаласына қарсы 4 зымырандық шабуыл жасағанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар