Бағдатта 9 зымыранмен шабуыл жасалды

Бүгін Бағдаттағы Жасыл аймақтағы Ирак Мәжілісінде президент сайлауы өтеді.

1892383
Бағдатта 9 зымыранмен шабуыл жасалды

Ирактың астанасы Бағдатта Мәжілісте өтетін президенттік сайлау алдында үкімет ғимараттары мен шетелдік өкілдіктер орналасқан Жасыл аймаққа 9 зымыранмен шабуыл жасалды.

Ирак үкіметінің Қауіпсіздік Медиа желісінің мәлімдемесіне қарағанда Жасыл аймақ пен оның айналасына 9 зымыранмен шабуыл жасалғаны білдірілді.

Шабуылда қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындардың жараланғаны хабарланды.

Зардап шеккендердің саны туралы мәлімет берілмеді, шабуылды кім жасағаны әзірге белгісіз.

Бүгін Бағдаттағы Жасыл аймақтағы Ирак Мәжілісінде президент сайлауы өтеді.



Ұқсас жаңалықтар