Гаитиде тырысқақ вирусы қайта байқалды

Гаитиде тырысқақ індетін жұқтырған 32 кісі тіркелгені, 16 кісі қайтыс болғаны білдірілді.

1891519
Гаитиде тырысқақ вирусы қайта байқалды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы тырысқақ вирусы 3 жылдан кейін қайтадан байқалған Гаитиде 224 күдікті науқастың тіркелгенін хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Швейцариядағы Женева кеңсесінде апталық баспасөз мәслихатында сөйлеген Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы доктор Маргарет Харрис Гаитидегі тырысқақ індетіне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Харрис Гаити ұйымдарының ДДСҰ-мен бөліскен мәліметтеріне сәйкес 9 қазандағы жағдай бойынша елде тырысқақ ауруының 32 оқиғасы тіркелгенін, 224 адамның тырысқақ микробын жұқтырғаны күдігі бар екенін және олардың 16-сы қайтыс болғаны хабарланды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының әлемдегі тырысқақ індеттеріне алаңдайтынын атап өткен Харрис вакциналардың жетіспеушілігі мен кейбір елдерде эпидемияға жол беретін климаттық жағдайлардың шешуді қажет ететін мәселелер екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар