Санна Марин Түркиямен байланыстарына тоқталды

Марин Ердоғанмен елінің НАТО мүшелігін бекіту үдерісін талқылағандарын айтты.

1889897
Санна Марин Түркиямен байланыстарына тоқталды

Финляндия премьер-министрі Санна Марин елінің НАТО-ға мүшелігінің Түркия тарапынан тез арада мақұлдануынан үмітті екенін білдірді.

Санна Марин Чехияның астанасы Прагада өткен Еуроодақ көшбасшыларының бейресми саммитіне кіре берісте журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Прагада өткен Еуропа саяси қоғамдастығы жиналысында президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуіне байланысты сұраққа жауап берген Марин Ердоғанмен елінің НАТО мүшелігін бекіту үдерісін талқылағандарын айтты.

Президент Ердоғанның «Мәселе Финляндия емес» дегенін атап көрсеткен Марин сөзін былай деп жалғастырды:

"Біз Түркияға қатысты саясатымызда әрқашан дәйекті болдық. НАТО-ның 30 маусымдағы Мадрид саммиті алдында келіссөздер жүргіздік. Қазір біз бұл келісімдерді орындап жатырмыз. Түркия біздің НАТО мүшелігімізді тезірек мақұлдайды деп үміттенемін."

Швеция мен Түркия арасындағы осы тақырыптағы келіссөздерге қатысты пікір білдіргісі келмеген Марин:

"Менің ойымша, Финляндия мен Швецияның бір мезгілде НАТО-ға қосылуы маңызды, өйткені бұл Еуропаның солтүстігіндегі қауіпсіздікке байланысты мәселе" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар