Нигерияда менингит індеті салдарынан 56 адам қайтыс болды

Мәлімдемеде 961 адамның менингит жұқтырғаны, 56 науқастың қайтыс болғаны атап көрсетілді.

1889909
Нигерияда менингит індеті салдарынан 56 адам қайтыс болды

Африканың батыс елдерінің бірі Нигерияда менингит індеті салдарынан 56 адам қайтыс болды.

Нигерия Ұлттық ауруларды бақылау орталығынан жасалған мәлімдемеде бас қала Абуджаға қоса кейбір уәлаяттарда менингит індетінің таралғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде 961 адамның менингит жұқтырғаны, 56 науқастың қайтыс болғаны атап көрсетілді.

Эпидемияны бақылауға алу үшін зерттеу басталғаны айтылған мәлімдемеде мойын мен бас ауырғандардың дереу ауруханаға жүгіну керектігі ескертілді.

Мәлімдемеде Ұлттық ауруларды бақылау орталығының (NCDC) 2030 жылға дейін ауруды жеңу үшін жаһандық мақсатқа деген адалдығы баса айтылды.

Мидан бастап бүкіл ағзаны зақымдайтын менингит тыныс алу жолдары арқылы жұғады.



Ұқсас жаңалықтар