Австриялық альпинист Пәкістанда қайтыс болды

Гилгит-Балтистан аймағында шыңға көтерілген австриялық альпинист Фейнелер Элиас қаза тапты.

1889920
Австриялық альпинист Пәкістанда қайтыс болды

Пәкістанның Гилгит-Балтистан аймағында шыңға көтерілген австриялық альпинист Фейнелер Элиас қар көшкіні астында қаза тапты.

БАҚ-ның хабарына қарағанда Симсал алқабында 2 альпинист пен бір гид шыңға көтеріліп бара жатқанда қар көшкіні болған.

Австриялық альпинист Элиастың қар астында қаза тапқаны, қасындағы Кербер Ромона деген пәкістандық гидтің ауыр жаралы екені білдірілді.

Гилгит-Балтистан аймағында биіктігі 8 мың метрден асатын 5 шың бар.

Жыл сайын жүздеген альпинист баратын аймақта шыңға көтерілу кезінде өлім мен жарақат алумен аяқталатын апаттар орын алады.



Ұқсас жаңалықтар