Шойгу 200 мың адамның қаруланғанын айтты

Министр Сергей Шойгу: «Бүгінге дейін 200 мыңнан астам адам жұмысқа қабылданып, қаруландырылды» деді.

1888270
Шойгу 200 мың адамның қаруланғанын айтты

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елінде жарияланған ішінара жұмылдыру аясында 200 мыңнан астам адам қабылданғанын хабарлады.

Сергей Шойгу Ресейде өткен айда жарияланған ішінара жұмылдыру үдерісіне байланысты әскери басшылармен кездесуде мәлімдеме жасады.

Процестің жалғасып жатқанын айтқан Шойгу: «Бүгінге дейін 200 мыңнан астам адам жұмысқа қабылданып, қаруландырылды» деді.

Олардың арасында еріктілердің де бар екені туралы ақпаратпен бөліскен Шойгу әскерге шақырылғандардың Ресейдегі 80 полигон мен 6 әскери оқу орталығында білім алғанын хабарлады.

«Сарбаздар қажетті дайындықтан өткеннен кейін соғыс майданына жіберілу керек» деген министр Шойгу жұмылдыру үдерісін бақылауда ұстау керектігін баса айтты.

Ресейде әскерге шақыру кезеңі қараша айында басталатынын атап өткен Шойгу аталған кезеңде тағы 120 мың адамның әскерге шақырылатынын атап өтті.

«Әскери міндеттілер арнайы әскери операцияға қатысы жоқ бөлімдерге жіберіледі»деді министр.

Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте ішінара жұмылдыру үдерісін жариялады.

Сергей Шойгу сонымен қатар ішінара жұмылдыру аясында барлығы 300 мың қосымша сарбаздың міндетке шақырылатынын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар