Жерорта теңізінде 25 мың босқын жан берді

БҰҰ 9 жыл ішінде қайтыс болған босқындар санының шамамен 25 мың екенін жариялады.

1888119
Жерорта теңізінде 25 мың босқын жан берді

Соңғы 9 жылда 25 мың тұрақсыз босқын Жерорта теңізін кесіп өтуге талпыну кезінде қаза тапты.

2013 жылы 3 қазанда Италияның Жерорта теңізіндегі Лампедуза аралында арасында 9 бала мен 83 әйел бар 368 заңсыз босқын  қайтыс болған апаттан кейін 9 жыл өтсе де Африкадан Еуропаға өтуге тырысқан тұрақсыз босқындар әлі де осы қауіпті сапарда жан беруде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Көші-қон ұйымының Жерорта теңізі бөлімшесі Жерорта теңізінің орталық бөлігіндегі алғашқы үлкен апаттардың бірі болған оқиғадан кейінгі 9 жыл ішінде қайтыс болған босқындар санының шамамен 25 мың екенін жариялады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Көші-қон ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) сияқты халықаралық ұйымдардың деректеріне қарағанда апаттан кейін қайтыс болған шамамен 25 мың босқынның 20 мыңы Жерорта теңізінің орталық жолындағы апаттарда қаза тапқаны білдірілді.

Тек биылғы жылдың соңғы кезеңінде ғана Жерорта теңізінде 1400 адамның қайтыс болғаны немесе жоғалып кеткені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар