Эквадор түрмесіндегі қақтығыста 15 адам қаза тапты

Өткен жылы бұл елдегі түрмеде 316 адам қаза болса, биыл 90 адам көз жұмды.

1888118
Эквадор түрмесіндегі қақтығыста 15 адам қаза тапты

Эквадордың Латакунга түрмесінде шыққан қақтығыста 15 адам қаза тауып, 20 адам жараланды.

Ел астанасы Китодағы Латакунга түрмесінде тұтқындар бір-біріне қару және пышақпен шабуыл жасады.

Ұлттық түрме мекемесінің мәлімдемесіне қарағанда қақтығыс кезінде 15 адам қаза тауып, 20 адам жараланған.

Қақтығыстан кейін кейбір тұтқындар түрмеден қашып бара жатқанда қауіпсіздік күштерінің қолына түсті.

Өткен жылы бұл елдегі түрмеде 316 адам қаза болса, биыл 90 адам көз жұмды.

 



Ұқсас жаңалықтар