Нобельдің медицина саласындағы лауреаты - Сванте Паабо

2022 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі бола бастады.

1887736
Нобельдің медицина саласындағы лауреаты - Сванте Паабо

Медицина саласындағы 2022 жылғы Нобель сыйлығын швед биологы Сванте Паабо алатын болды.

Швеция астанасы Стокгольмдегі Каролинска институтында өткен бағдарлама аясында 2022 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі бола бастады.

Швед ғалымы Сванте Паабо «адам эволюциясы» саласындағы еңбегі үшін 2022 жылғы медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Паабо қазіргі заманғы адам геномы мен жойылып кеткен неандертальдықтар мен денисовандықтарды салыстырып, түрлер арасындағы қарым-қатынасты көрсететін зерттеулерге жетекшілік етті.

Медицина саласындағы Нобель сыйлығы былтыр Дэвид Джулиус пен Ардем Патапутианға  адам ағзасындағы жылу және контактілі рецепторларды ашқаны үшін берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар