Кабулдағы жанкешті шабуылда 19 адам қаза тапты

Кабул полиция бөлімшесі мәлімдемешісі Халид Задран мәлімдеме жасады.

1886630
Кабулдағы жанкешті шабуылда 19 адам қаза тапты

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы оқу мекемесіне жасалған жанкешті шабуылда алғашқы мәліметтерге қарағанда 19 адам қаза тапты.

Талибан әкімшілігінің Кабул полиция бөлімшесі мәлімдемешісі Халид Задран баспасөзге берген сұхбатында Кабулдың батысында орналасқан Как оқу орталығына бомбалы шабуыл жасалғанын айтты.

Задран алғашқы мағлұматтарға қарағанда шабуылда 19 адамның қаза тауып, 27 адамның жараланғанын білдірді.

Задран шабуылдың оқу орталығында емтихан қабылдау кезінде жасалғанын атап өтті.

Куәгерлер бұл шабуылды жанкештінің әрекеті деп мәлімдеді. Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім алған жоқ.

Кабулдың батысында салмақты түрде Хазар шиіттері тұрады. Осыған дейін де сол аймақта жасалған ұқсас шабуылдардың жауапкершілігін ДАИШ террор ұйымы мойындаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар