Харрис жапон іскерлерге шақыру тастады

Камала Харрис Токиода байланыстарын жалғастыруда.

1885570
Харрис жапон іскерлерге шақыру тастады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) вице-президенті Камала Харрис жапондық компанияларды жеткізу тізбегін нығайту үшін чип өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты арттыруға шақырды.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Абэ Синдзоның жерлеу рәсімі аясында ел астанасы Токиоға келген  Камала Харрис байланыстарын жалғастыруда.

Харрис Токиодағы АҚШ елшілігінің резиденциясында «Nikon», «Fujitsu», «Hitachi High-Tech» және «Tokyo Electron» сияқты жапондық іскер топтардың өкілдерімен кездесті. Мұнда сөз сөйлеген Харрис экономикалық өсу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде чип жеткізудің маңыздылығына тоқталып, Жапонияның бұл салада «өміршең рөл атқаратынын» айтты.

«Жапония мен Америка Құрама Штаттары болашақты ойлайтын инновацияға инвестиция салуға және тұрақты жеткізу тізбегі бойынша жұмыс істеуге міндеттеме алады» деген Харрис жапон компаниялардан салалық ынтымақтастықты арттыруды сұрады.

Харрис АҚШ президенті Джо Байден отандық өндірісті ұлғайту үшін өткен ай қол қойған «Жартылай өткізгіштерді өндіруге арналған қосымша ынталандырулар жасау (CHIPS)  және ғылым заңын» еске салды.

Ковид-19 індетінің елдердің жеткізу тізбегіндегі әлсіздіктерді анықтағанын айтқан АҚШ вице-президенті «Маңызды материалдарға тәуелділікті әртараптандыруымыз керек» деді.

Ұялы телефондардан автомобильдерге дейін жартылай өткізгіштерге жаһандық қажеттілік артып отырған кезде дамыған елдер тұрақсызданған логистика үлкен экономикалық қиыншылықтар тудырады деп санайды.



Ұқсас жаңалықтар