Пәкістанда дифтериядан 10 бала қайтыс болды

Су тасқынынан кейін Синд уәлаятында соңғы 2 айда 39 адамда дифтерия жағдайы анықталды.

1885015
Пәкістанда дифтериядан 10 бала қайтыс болды

Пәкістанның Синд уәлаятында болған су тасқынынан кейін соңғы 2 айда 10 бала дифтериядан қайтыс болды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда лауазымдылар Синд уәлаятында соңғы 2 айда 10 баланың дифтерия салдарынан қайтыс болғанын, уәлаятта 39 дифтерия жағдайы анықталғанын хабарлады.

Лауазымдылар бұл ауру себепті өлім-жітім көбейіп кетуі мүмкін деп алаңдап отырғанда індетті зерттеп, вакцинациялау қажеттігіне назар аударды.

Пәкістанда 14 маусым күнінен бері жауған Муссон жаңбыры салдарынан болған су тасқынынан 1 мың 638 адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар