Украинаның Изюм қаласында топтық мазар табылды
Украина президенті Владимир Зеленский «Харьков облысындағы Изюм қаласында топтық мазар табылды» деді.
Украина президенті Владимир Зеленский бір апта бұрын Ресей әскерінен қайтарып алынған Харьков облысындағы Изюм қаласында топтық мазар табылғанын хабарлады.
Бұл туралы Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында «Харьков облысындағы Изюм қаласында топтық мазар табылды. Қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде» деген сөздер қолданды.
Зеленский бүгін Изюмге халықаралық және украиналық журналистердің баратынын айтты.
Зеленский «Біз әлемнің не болып жатқанын және орыс шапқыншыларының қандай зардап әкелгенін көргіміз келеді. Алдымен Буча, содан кейін Мариуполь, енді де Изюм. Ресей барлық жерде мәйіт қалдыруды. Оларды жауапкершілікке тарту керек» деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқандар саны 36 мың 550-ге жетті
Израиль армиясы 7 қазан күнінен бері Газа секторындағы қырғындарын жалғастыруда.
Польшада тыңшылық операциялары аясында 18 адам ұсталды
Польша Ішкі қауіпсіздік қызметі желтоқсан айынан бері 18 адамды қамауға алынғанын хабарлады.