"Германиядан өтемақы аламыз"

Польша премьер-министрі Моравецкий Германиядан Екінші дүниежүзілік соғыстағы шығын үшін өтемақы алатынын айтты.

1877877
"Германиядан өтемақы аламыз"

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий елі Германиядан Екінші дүниежүзілік соғыстағы (1939-1945) шығыны үшін өтемақы алатынын айтты.

Польшаның «PAP» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Моравецкий «nizalezna.pl» сайтына берген сұхбатында «Мен Германиядан өтемақы алатынымызға сенемін, бірақ бұл тез болмайды. Ең бастысы бірінші қадамды жасау болды» деді.

Екінші дүниежүзілік соғыста Польшаға Германия келтірген шығынды құжаттайтын есептің дайындалуының алғашқы қадам екенін еске салған Моравецкий: «Екінші қадам есепті жариялау, содан кейін Германия үкіметіне дипломатиялық нота беру болды. Бұл жақын арада болады» деді.

Матеуш Моравецкий бұл процесте неміс тарапының барлық себептерін және бұл мәселенің шешілді деген мәлімдемелерін зерттегендерін білдірді.

Польша өткен аптада Германияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елге келтірген шығынын 1,3 триллион еуро деп көрсететін есебін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар