Мысырда маймыл шешегі вирусы тіркелді

Мысырда маймыл шешегінің алғашқы дерегі тіркелді.

1877265
Мысырда маймыл шешегі вирусы тіркелді

Мысырда маймыл шешегінің алғашқы дерегі тіркелді.

Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында жасалған мәлімдемеде вирустың бір мысырлықтан анықталғаны және бұл адамның ауруханада карантинге жатқызылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде еуропалық бір елде тұруға рұқсаты бар 42 жастағы Мысыр азаматының бұл елге жиі келетіні, науқастың денсаулығының жақсы екені және ол қатынаста болған адамдарға қатысты қажетті сақтық шараларының қабылданғаны айтылды.

Эндемиялық вирус тудыратын сирек кездесетін аурулардың бірі ретінде белгілі маймыл шешегі Конго және Батыс Африка түрі болып екіге бөлінеді.

Әдетте жануардан адамға, адамнан адамға сирек  жұғатын вирус дене қызуының көтерілуіне және денеде қышыма көпіршіктерінің пайда болуына себеп болады.



Ұқсас жаңалықтар