Қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты

Гебрейесус Ковид-19 індетіне қатысты соңғы жағдайға баға берді.

1872525
Қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты

Биыл коронавирустың жаңа түрінен (Ковид-19) қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты деп хабарланды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде бас директор доктор Тедрос Адханом Гебрейесус Ковид-19 індетіне қатысты соңғы жағдайға баға берді.

Гебрейесус вирус өз әсерін көрсете бастаған 2019 жылдың соңынан бері әлемде вирус салдарынан 6,45 миллион адам қайтыс болғанын айтты. «Жыл басынан бері 1 миллион адам қайтыс болды» деді ол.

Гебрейесус адам өліміне жол бермеу үшін құралдар бар болса да осыша адам өлімінің қинайтынын білдірді. «Біз барлық елдердің үкіметтерін өз халқының 70 пайызын вакцинациялау мақсатына жету үшін медицина қызметкерлерін, қарттарды және рискі жоғары адамдарды вакцинациялауға шақырамыз» деді ол.

Гебрейесус 136 елдің маусым айының соңына дейін халқының 70 пайызына екпе салу мақсатын орындай алмағанын атап өтіп, бұл елдердің 66-сының әзірге халқының 40 пайызына да екпе сала алмағанын білдірді.

Вакцинация деңгейі төмен елдерде вакцинация әлеуетінің біртіндеп артып келе жатқанын айта келе бас директор "Көбірек салу керек. Әлем халқының үштен бірі, медицина қызметкерлерінің үштен екісі және қарттардың төрттен үші әлі де вакцинацияланбаған" деді.



Ұқсас жаңалықтар