Еуропада ереуіл толқыны

Ресейді жазалау үшін күшіне енген эмбарголар бұл елді ғана емес, Еуропаны да күрделі экономикалық тығырыққа тіреді.

1872329
Еуропада ереуіл толқыны
avrupa grev.jpg
avrupa grev.jpg
avrupa grev.jpg
avrupa grev.jpg

Ресейдің 24 ақпанда Украинада бастаған соғысының салдарынан Еуропадағы инфляция мен өмір сүру құнының артуына байланысты Англия, Германия, Испания және Нидерландыда әртүрлі сектор қызметкерлері бірінен соң бірі ереуілге шығуда.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропаның ең үлкен гуманитарлық трагедиясы ретінде сипатталған Украина соғысында 6 ай артта қалды. Ал  оның әсері тек осы елде ғана емес, бүкіл Еуропада сезіле бастады.

Энергетика саласында Ресейге қатты тәуелді Еуроодақ (ЕО) елдері соғысқа байланысты Мәскеу әкімшілігіне қарсы 7 санкция пакетін жүзеге асырды. Алайда Ресейді жазалау үшін күшіне енген эмбарголар бұл елді ғана емес, Еуропаны да күрделі экономикалық тығырыққа тіреді.

Еуропада рекордтық деңгейге көтерілген инфляция, тоқтау салынбаған қымбатшылық және жұмысшылардың жалақысын көтеру мүмкіншілігінің жоқтығы көптеген елде жұмысшылардың ереуілге шығуға шешім қабылдауына себеп болды.

Әртүрлі секторлардағы кәсіподақтар Ұлыбританияда соңғы апталарда ұжымдық ереуіл туралы шешімдер қабылдады.

Германияда «Lufthansa» әуе компаниясының жерүсті қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, ескерту ереуіліне шықты.

Испанияда тамыз айының басынан бері әуе көлігі саласында басталған ереуілдер жолаушыларға да, ел туризміне де кері әсерін тигізуде.

Нидерланд мемлекеттік темір жолдары (НС) қызметкерлері жалақыларын көтеру туралы талаптары қабылданбаған соң ереуілге шығуға шешім қабылдады. Кәсіподақтар конфедерациясының (FNV) және Нидерландыдағы басқа кәсіподақтардың үндеуімен елдің солтүстік аймағында басталған ереуіл 31 тамызға дейін әртүрлі аймақтарда кезектесіп жалғасады.

Шотландияның астанасы Эдинбургте жалақыны көтеруді талап еткен тазалық қызметкерлерінің 12 күндік ереуіліне байланысты қала көшелерінде қоқыс үйінділері пайда болды.



Ұқсас жаңалықтар