Трамптың үйінен 700 беттен тұратын «құпия құжат» шығарылды

АҚШ-тың Ұлттық мұрағаты 15 қорап құжаттың өздеріне жеткізілгенін хабарлады.

1871635
Трамптың үйінен 700 беттен тұратын «құпия құжат» шығарылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Флоридадағы үйінен қаңтар айында 700 беттен тұратын «құпия құжат» шығарылғаны хабарланды.

АҚШ-тың Ұлттық мұрағаты жасаған жазбаша мәлімдемеде Трамптың Флоридадағы үйінен қаңтар айында 15 қорап құжаттың өздеріне жеткізілгенін хабарлады.

Мәлімдемеде бұл құжаттар арасында кемінде 700 беттік «құпия құжат» бар екеніне назар аударылды. Ұлттық мұрағаттың бұл мәлімдемесі Дональд Трамптың Флоридадағы үйіне жасалған рейдтен кейін келгені де назардан тыс қалмады.

Трамптың үйіне FBI рейд жасап, Дональд Трамптың Флоридадағы үйіне 8 тамыз күні таңертең Федералдық тергеу бюросының (FBI) агенттері тінту жүргізген болатын.

Трамп жасаған жазбаша мәлімдемесінде «Бұл – ұлтымыз үшін зұлмат заман. Бірде-бір АҚШ президентінде мұндай жағдай болған емес» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар