Украинада соңғы жағдай

Электр станциясына жақын орналасқан Никополь қаласы бомбалануда.

1871221
Украинада соңғы жағдай

Ресей армиясының Украинаға шабуылдары жалғасуда.

Ресейдің бақылауындағы Запорожье атом электр станциясының айналасындағы бомбалау алаңдаушылық туғызып отыр.

Электр станциясына жақын орналасқан Никополь қаласы бомбалануда.

Бір жағынан соғыс жалғасып жатса, бір жағынан Украина 24 тамызда Тәуелсіздік күнінің 31 жылдығын тойлауға дайындалуда.

Осы мереке қарсаңында қолға түскен орыстың әскери техникасы Киевте көрмеге қойылды.

Украина президенті Зеленский болса Тәуелсіздік күніне орай Ресейдің ауыр шабуылдар жасауы мүмкін екенін айтып ескертті.

Шабуыл қаупіне байланысты Киевте көпшілік қатысатын мерекелік шараларға тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар