Ауғанстанда су тасқыны

20 адам қаза тапты.

1870578
Ауғанстанда су тасқыны

Ауғанстан астанасы Кабулға жақын маңдағы Логар уалаятында болған су тасқынынан 20 адам қаза тапты.

Логар әкімі Мевлеви Инаятулла Шуджа баспасөзге берген мәлімдемесінде алдыңғы күні таңертең басталған нөсер жаңбырдың су тасқынына себеп болғанын айтты.

Логардың Хоси ауданында болған су тасқынында 20 адамның қаза тапқанын атап көрсеткен Шуджа 32 адамның жараланғанын, тасқын суға түскен 4 адамнан әлі хабар болмағанын білдірді.

Су тасқынынан 3 мыңнан астам үй зардап шеккен.

Логардағы Табиғи апаттармен күрес басқармасы төрағасы Мевлеви Абдуллах Муфаккир су тасқынынан зардап шеккен көптеген ауылда адамдардың құтқаруды күтіп тұрғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар