Швеция Түркия іздеу салған алаяқты ұстап беруге шешім қабылдады

Швеция Әділет және Ішкі істер министрі Морган Йохансон мәлімдеме жасады.

1866874
Швеция Түркия іздеу салған алаяқты ұстап беруге шешім қабылдады

Швеция мемлекеттік телеарнасы SVT-нің хабарына қарағанда Жоғарғы сот Түркияның алаяқтық қылмысынан қызыл бюллетен іздеу салған 35 жасар бір азаматты ұстап беруге шешім қабылдады.

Жоғарғы соттың шешімін бағалаған Швеция Әділет және Ішкі істер министрі Морган Йохансон мұның әдеттегі жағдай екеніне назар аударды.

2011 жылдан бері Швецияда тұратын және осы мерзім бойынша баспана сұраған тұлғаның Түркияда алаяқтық қылмысы жасағаны себепті 14 жылға сотталғаны атап көрсетілді.

Аталмыш тұлғаның Түркияға қайтарылмауы үшін христиан дінін қабылдағаны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар