Иранда криптовалюта

Салихабади елде криптовалюталар мен криптомайнингтің тек импорт үшін пайдаланылуы шартымен заңды екенін айтты.

1867163
Иранда криптовалюта

Иран Орталық банкінің төрағасы Әли Салихабади елде криптовалюталар мен криптомайнингтің тек импорт үшін пайдаланылуы шартымен заңды екенін айтты.

Иран мемлекеттік телеарнасында сөйлеген сөзінде Салихабади елде криптовалюталарды инвестициялау үшін сатуға немесе пайдалануға тыйым салынғанын мәлімдеді.

Екінші жағынан, ресми рұқсаты бар адамдардың криптовалюталарды импорттау үшін пайдаланған жағдайда өндіруге заңды екенін білдірген Салихабади Индустрия, тау-кен өнеркәсібі және Сауда министрлігімен келісе отырып, компанияларға криптовалюталарды пайдаланып импорттауға арналған ережелер дайындалғанын атап өтті.

Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігіне қарасты Сауданы дамыту ұйымының басшысы Али Риза Пейманпак 9 тамызда Twitter-дегі парақшасында бөліскен хабарламасында криптовалютамен 10 миллион долларлық алғашқы импорттық операцияның сәтті өткенін жариялаған еді.

Пейманпак сыртқы саудада криптовалюта мен «ақылды» келісім-шарттарды кеңінен қолдануды мақсат еткендерін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар