Иранда коронавирус

Вирустан туындаған адам өлімі бір күнде екі есеге жуық артты.

1866399
Иранда коронавирус

Жаңа түрдегі коронавирус (Ковид-19) індетіне шалдыққандар саны қайта өскен Иранда бір күнде 90 адамның қайтыс болғаны білдірілді.

Иран Денсаулық сақтау министрлігі індетке шалдыққандар мен қайтыс болғандар санын жариялады.

Жалпы қайтыс болғандар саны 142 мың 654-ке жеткен елде кеше тағы 90 адам қайтыс болды.  5 мың 635 жаңа дерек анықталып, оның 1078-і ем қабылдай бастады.  

Жалпы науқас саны 7 миллион 451 мың 779-ға өскені хабарланды.

Ковид-19 деректері алаңдататын жағдайға келген Иранда алдынғы күні 49 адамның қайтыс болғаны және 2,343 жаңа деректің тіркелгені білдірілген болатын.

Осылайша вирустан туындаған адам өлімі бір күнде екі есеге жуық артты.



Ұқсас жаңалықтар