Мексикада полиция мен банда қақтығысты

Қақтығыс кезінде 4 полицей қаза тауып, 9 банда мүшесі өлтірілді.

1865887
Мексикада полиция мен банда қақтығысты

Мексиканың Халиско штатында қауіпсіздік күштері мен банда арасында қарулы қақтығыс шықты.

Қақтығыста 4 полиция қызметкері, барлығы 13 адам қаза тапты.

Мексика баспасөзіндегі хабарға қарағанда Эль-Сальто қаласының Сан-Лоренцо ауданында полиция мен өздеріне операция жасалған банда мүшелері арасында қақтығыс шықты.

Ақпарат көздері қақтығыста 4 полиция қызметкерінің қаза тауып, 9 банда мүшесінің өлтірілгенін білдірді.

Берілген топтың 8 мүшесі қамауға алынып, 3-і ауыр жарақат алды.

Прокуратурадан жасалған мәлімдемеде қақтығыстың соңында полицияның бақылауды толығымен қалпына келтіргені, күштеп ұсталған 2 адамның құтқарылғаны айтылды.

Өңірде полицейлердің ауқымды шараларының жалғасып жатқаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар