Санья қаласында 80 мың турист қамалып қалды

80 мың турист тығырыққа тірелген Саньяда қаладағы барлық билеттерді сатуға тыйым салынып, рейстер де тоқтатылды.

1864734
Санья қаласында 80 мың турист қамалып қалды

Қытайдың оңтүстігіндегі Санья демалыс қаласында жаңа түрдегі коронавирус (Ковид-19) індеті шектеулері жарияланғаннан кейін 80 мың турист қамалып қалды.

Лауазымдылар тропикалық Хайнань аралындағы қаланың Ковид-19 таралуына байланысты "ерекше аймақ" деп жарияланғанын және індеттің таралуын тосу үшін 6 тамыз азаннан бастап шектеулер және коменданттық сағат күшіне енгенін мәлімдеді.

Шектеулерге байланысты 80 мың турист тығырыққа тірелген Саньяда теміржол басшылары қаладағы барлық билеттерді сатуға тыйым салып, рейстер де тоқтатылды.

Саньядан кеткісі келетін туристерге 7 күн ішінде 5 мәрте ПТР сынағын жасатуы керек.

Көшеге шығу шектемесі Саньядағы туристік маусымның қызу кезінде енгізілді.



Ұқсас жаңалықтар