Қиян-кескі қақтығыстар жалғасуда

Зеленский Telegram аккаунтындағы хабарламасында шығыс майданындағы соңғы оқиғаларға тоқталды.

1864818
Қиян-кескі қақтығыстар жалғасуда

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпаннан бері Ресеймен соғысып жатқан елінің Донецк облысындағы майдандағы жағдай әлі де ауыр екенін айтты.

Владимир Зеленский Telegram аккаунтында бөліскен хабарламасында өз елінің шығыс майданындағы соңғы оқиғаларға тоқталып, әсіресе Донецк пен Харьков бағытында жағдайдың ауыр екенін айтты.

Зеленский Украина армиясы Ресейдің шабуылдарына тосқауыл болуды жалғастырып жатқанын білдірді.

Украина президенті "Донбасстағы жағдай әлі де өте ауыр. Біздің армия ресейлік террорды тоқтату және басқыншыларды барынша шығынға ұшырату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда" деді.

Зеленский Харьковте де қиян-кескі қақтығыстар болып жатқанын айтты.

Ол  армияға көбірек қару қажет екенін де атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар