Қытай Пелосиге санкция салады

«Қытай Пелосидің қаскүнемдік арандатуына жауап ретінде оған және оның отбасы мүшелеріне заң аясында санкция беру туралы шешім қабылдады» деп жариялады.

1864226
Қытай  Пелосиге санкция салады

Қытай егемендік дауы бар Тайваньға сапармен барған Америка Құрама Штаттары Өкілдер Мәжілісінің төрайымы Нэнси Пелосиге санкция салмақ.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Пелоси Қытайдың алаңдаушылықтары мен қарсылығына қарамастан Тайваньға баруды талап етті, бұл әрекет Қытайдың ішкі істеріне араласу, оның егемендігі мен аумақтық тұтастндағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіретіні атап көрсетілді.

Мәлімдемеде: 

«Қытай Пелосидің қаскүнемдік арандатуына жауап ретінде оған және оның отбасы мүшелеріне заң аясында санкция беру туралы шешім қабылдады»деп көрсетілді.

Мәлімдемеде санкцияның мазмұны туралы ақпарат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар