Вучич: «Косово - халықаралық құқық бойынша Сербияның бір бөлігі»

Сербия президенті Александр Вучич vемлекеттік телеарнаға сұхбат берді.

1863216
Вучич: «Косово - халықаралық құқық бойынша Сербияның бір бөлігі»

Сербия президенті Александр Вучич Косовоның тәуелсіз бір ел еместігін, халықаралық құқық бойынша Сербияның бір бөлігі екенін мәлімдеді.

Сербия Мемлекеттік телеарнасының сұрақтарына жауап қайтарған Вучич аймақтағы соңғы оқиғаларды бағалады.

Жексенбі күні кешкі уақытта Косовомен болған оқиғаларда үлкен апатқа жақындағандарын атап көрсеткен Вучич «Ең нашар сценарийдің алдын алды. Кейбіреулер Ресейдің Украинаға шабуылын мүмкіндік ретінде көргісі келетіні анық. Сербияны Ресейге адал етіп көрсетуге, Вучичті болса батыстың наразылығын туғызатын кішкентай Путин ретінде көрсетуге тырысуда» деді.

Вучич Косово премьер-министрі Альбин Куртимен кездесу үшін 18 тамыз күні Бельгияның бас қаласы Брюссельге баратынын, бірақ онымен бітімге келудің мүмкін емес екенін алға тартты.

Әрқашан бейбітшілікті қорғайтынын мәлімдеген Александр Вучич «Бірақ сербтерге қарсы біреулер шектен асатын болса үнсіз отырмаймын. Косово тәуелсіз бір ел емес, сондықтан Косовоға шабуыл жасау мүмкін емес. Косово халықаралық құқық бойынша Сербияның бір бөлігі болып табылады» деді.

Вучич босниялықтармен соғысуға дайындалмағандарына назар аударып, барлығына қол ұшын созып жатқандарын атап өтті.

Косовода тұратын сербтерді қоса алғанда, баршада Косовоның жеке куәлігі мен нөмірі болуы керектігі жарияланған соң, Косоводағы сербтер 31 шілде күні кешке елдің солтүстігіндегі шекара бекеттерін жауып тастаған еді.

Косово үкіметі де Сербиямен шекаралас қақпаларға апаратын жолдарға қойылған барлық тосқауылдарды алып тастауының артынан Сербиямен дағдарысқа себеп болған шешімді 1 қыркүйек күніне қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Сербия 2008 жылы біржақты тәуелсіздігін жариялаған Косовоны өз территориясы деп есептейді.

2011 жылы Еуроодақтың делдалдығымен басталған Белград-Приштина келіссөздері екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге және түптеп келгенде бір-бірін тануға бағытталған.

Косово мен Сербия арасындағы келіссөз процесі 31 шілде күні кешкі шиеленіс сияқты әртүрлі себептермен жиі үзіледі.



Ұқсас жаңалықтар