Перуде маймыл шешегінен бірінші өлім

Мәлімдемеде қайтыс болған науқастың Лимада емделіп жатқан ер адам екені хабарланды.

1862452
Перуде маймыл шешегінен бірінші өлім

Оңтүстік Америкадағы Перуде маймыл шешегі вирусынан алғаш рет бір кісі қайтыс болды.

Перу Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеде маймыл шешегі ауруымен ауырғандардың саны 300-ден асқаны және алғашқы өлімнің тіркелгені білдірілді.

Мәлімдемеде қайтыс болған науқастың ел астанасы Лимада емделіп жатқан ер адам екені хабарланды.

Перу Латын Америкасында Бразилиядан кейін маймыл шешегі ауруынан өлім тіркелген екінші ел болды.



Ұқсас жаңалықтар