Ұшқыштар ереуіл үшін дауыс берді

Осылайша ұшқыштардың ереуілі болады деген шешім шықты, кәсіподақ ереуілдің күнін әлі жарияламады.

1861860
Ұшқыштар ереуіл үшін дауыс берді

Немістің «Lufthansa» әуе компаниясында жұмыс істейтін ұшқыштардың басым көпшілігі кәсіподақ ұйымдастырған дауыс беруде ереуілге шығуды жақтап дауыс берді.

Кәсіподақтың дауыс беруіне қатысқан ұшқыштардың 97,6 пайызы ереуілге дауыс берді, бұл көрсеткіштің «Lufthansa Cargo» компаниясында жұмыс істейтін ұшқыштар арасында 99,3 пайыз болғаны атап өтілді.

Осылайша ұшқыштардың ереуілі болады деген шешім шықты, кәсіподақ ереуілдің күнін әлі жарияламады.

«Cockpit» кәсіподағынан Марсель Грёлс дауыс беру нәтижесінің міндетті түрде ереуіл өткізілетінін білдірмейтінін, жұмыстың тоқтап қалуының әлі де алдын алуға болатынын айтты.

Дауыс берудің «Lufthansа” компаниясына ұшқыштардың талаптарын байыпты қабылдауы үшін сигнал екеніне назар аударған Грёлс ұжымдық келіссөздерде компания басшылығынан жақсы ұсыныстар күтетіндерін атап өтті.

«Cockpit» кәсіподағы биылғы жылы жалақыны 5,5 пайызға арттыруды және келесі жылдан бастап инфляцияға байланысты автоматты түрде артуын талап етеді.

Ал «Lufthansa» компаниясы ұжымдық келіссөздердің 6 раундында да ұсыныс бермеген. Кәсіподақ құрамында 9 600-ден астам ұшқыш бар, оның шамамен 5 мыңы «Lufthansa” компаниясында жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар