Алжир президенті Түркиямен қарым-қатынастарды бағалады

Алжир президенті Абдулмеджид Теббун жергілікті баспасөз өкілдерімен бас қосты.

1861862
Алжир президенті Түркиямен қарым-қатынастарды бағалады

Алжир президенті Абдулмеджид Теббун Түркияның еліндегі ең маңызды инвесторлардың бірі екенін білдірді.

Абдулмеджид Теббун жергілікті баспасөз және БАҚ өкілдерімен өткізген жылдық кездесуінде ішкі және сыртқы күн тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады.

Алжир мемлекеттік телеарнасында көрсетілген жиналыста Теббун Түркия-Алжир қарым-қатынастарына да баға берді.

Түркияның Алжирдегі ең маңызды инвестиция салушы елдердің бірі екеніне назар аударған Теббун «Түркия Оран қаласындағы (Вахран) болат өндірісімен елдегі барлық болат өндірісін екі есе арттырды. Тоқыма саласына инвестиция құюда. Түркиядан әртүрлі инвестиция келуде» деді.

Алжир басшысы «Біз бұл екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытып, нығайтуымыз керек. Бұл жағдай екі елдің де мүддесіне. Алжирдің Түркиямен қарым-қатынасын дамытуы екі елдің тарихи байланыстарының көрінісі» деді.



Ұқсас жаңалықтар