Алексей Вадатурский шабуылда қаза тапты

Украинадағы ең бай бизнесмендердің бірі және астық экспортындағы қызметімен танымал Вадатурский «Украина Батыры» мемлекеттік жүлдесінің иегері болатын.

1861713
Алексей Вадатурский шабуылда қаза тапты

Украинаның жетекші кәсіпкерлерінің бірі және астық саудагері Алексей Вадатурский Николаев облысына әуе шабуылында қаза тапты.

Николаев облыс әкімі Виталий Ким жазбаша мәлімдемесінде Николаев аймаққа жасалған әуе шабуылында «бір батырынан» айырылғанын айтты.

Шабуылда ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесімен танымал Вадатурскийдің қайтыс болғаны туралы ақпаратпен бөліскен Ким Вадатурскийдің жұбайы Раиса Вадатурскаяның да шабуылда қаза тапқанын атап өтті.

Украинадағы ең бай бизнесмендердің бірі, әсіресе астық экспортындағы қызметімен танымал Вадатурский «Украина Батыры» мемлекеттік жүлдесінің иегері болатын.



Ұқсас жаңалықтар