Латын Америкасы елдерінде 502 адам қайтыс болды

Латын Америкасы елдерінде соңғы 24 сағатта жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінен 502 адам қайтыс болды.

1860400
Латын Америкасы елдерінде 502 адам қайтыс болды

Бразилияда:

Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағатта 310 адамның  қайтыс болуымен қайтыс болған адам саны 677 мың 804-ке жетті. 44 мың 514 жаңа оқиға тіркелген елде жалпы науқас саны 33 миллион 704 мың 393-ке ұласты.

Мексикада:

Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы 24 сағатта 151 адам қайтыс болды, 27 мың 916 жаңа оқиға анықталды.

Эпидемиядан жалпы қайтыс болғандар саны 327 мың 412, ауруға шалдыққандар саны 6 миллион 686 мың 954, сауығып шыққандар саны 5 миллион 795 мың 247 адам.

Перуда:

Перу денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, соңғы 24 сағатта 10 адам қайтыс болды және 9 мың 475 жаңа науқас анықталды.

Елде қайтыс болғандар саны 214 мың 112-ге, ауруға шалдыққандар саны 3 миллион 859 мың 279-ға, сауығып шыққандар саны 3 миллион 749 мың 861-ге жетті.

Чилиде:

Чили Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Ковид-19-дан қайтыс болғандар саны 59 мың 405-ке ұласып, соңғы 24 сағатта 12 адам қайтыс болды.

Гвартемада:

Гватемала баспасөзіндегі хабарға қарағанда соңғы 24 сағатта 19 адамның  қайтыс болуымен қайтыс болған адам саны 18 мың 972-ге, науқас саны 4 мың артып 1 миллион 27 мың 805-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар