Маймыл шешегі вирусына қарсы вакцина өндіруге рұқсат берді

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі де өткен аптада вакцина салғызуды ұсынған болатын.

1859138
Маймыл шешегі вирусына қарсы вакцина өндіруге рұқсат берді

Еуропалық Одақ (ЕО) даниялық «Bavarian Nordic» биотехнологиялық компаниясына маймыл шешегі вирусына қарсы вакцина өндіруге рұқсат берді.

ЕО Комиссиясынан алынған ақпаратқа сәйкес, маймыл шешегіне қарсы вакцина үшін «Bavarian Nordic» (BAVA.CO) компаниясына маркетингтік рұқсат берілген.

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) де өткен аптада вакцина салғызуды ұсынған болатын.

Еуропалық аурулардың алдын алу орталығының соңғы мәліметтеріне сәйкес, ЕО-ның 27 елінде осы уақытқа дейін 8 697 маймыл шешегі тіркелген. Испания, Германия және Франция көш бастап тұрса, ең аз ауру Болгария, Латвия және Словакияда анықталды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 23 шілдеде маймыл шешегі індетіне байланысты халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдай (PHEIC)  жариялады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы сондай-ақ осы уақытқа дейін 75 елден 16 мыңнан астам маймыл шешегі ауруы расталғанын және вирустан 5 адамның қайтыс болғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар