Салих «Түркиямен жақындасу бар» деді

Тобрук қаласындағы Өкілдер палатасының төрағасы Акиле Салих алдағы уақытта Анкараға сапарлай баратынын мәлімдеді.

1857772
Салих «Түркиямен жақындасу бар» деді

Ливияның шығысындағы Тобрук қаласындағы Өкілдер палатасының төрағасы Акиле Салих алдағы уақытта Анкараға сапарлай баратынын мәлімдеді.

Салих «Түркиямен жақындасу бар» деді.

Ливиядағы «Al-Mesar» телеарнасына сұхбат берген Салих ел астанасы Анкараға сапары туралы мағлұмат берді.

Ливиялық белсенді жастардың 1 шілдеде Тобруктағы Өкілдер палатасына жасаған шабуылына тоқталған Салих «Мен Түркияға барамын, бірақ Ливиядағы соңғы оқиғаларға байланысты сапардың күнін анықтау мүмкін болмады» деген сөздер қолданды.

Акиле Салих «Түркиямен жақындасу бар. Тұрақты бойкот немесе тұрақты бәсекелестік жоқ. Саяси ымыраға, дамуға және өзгерістерге ашықпыз» деп көрсетті.

Ливияда біраз уақыттан бері екі бөлек үкімет болды және бұл жағдай елдің қайтадан зорлық-зомбылыққа қарай бет алуы  мүмкіндігіне деген алаңдаушылық тудырады.

2020 жылдың қараша айында Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығындағы Ливия Саяси диалог форумының отырыстарында елде президенттік және парламенттік сайлауды 2021 жылдың 24 желтоқсанында өткізу туралы шешім қабылданған еді. Өкінішке орай  сайлау белгіленген күні өткізілмеді.

Тобруктағы Өкілдер палатасы қазіргі Ұлттық бірлік үкіметінің міндет мерзімінің 2021 жылы 24 желтоқсанда аяқталды деген  сылтаумен Фетхи Башаганы премьер-министр етіп сайлаған. 1 наурызда  Башаға үкіметіне сенім дауыс берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар