Гебрейесус ескертті

Өлім-жітім артуы мүмкін.

1857572
Гебрейесус ескертті

Коронавирустың (Ковид-19) жаңа түрлерінің жаһандық деңгейде артуына байланысты алдағы апталарда өлім-жітім көп болуы мүмкін екендігі ескертілді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында Ковид-19 жаһандық деректерінің артуына қатысты соңғы жағдайды бағалады.

Ол соңғы 6 аптада дүниежүзі бойынша жаңа деректердің апта сайынғы саны екі есеге жуық өскенін атап өтті.  Гебрейесус "Ковид-19-дан туындаған ауру деректері артуда. Деректердің көбеюі  алдағы апталарда ауруханаға жатулар мен өлім-жітімді күтетінімізді білдіреді" деді.

Ковид-19-дың жаңа нұсқасының бұрынғылардың күшті және ықпалды болатынын атап көрсеткен Гебрейесус "Барлық елдер дайын болуы керек. Эпидемиямен күресу мүмкіндіктерін төмендететін елдер үлкен қауіпте" деп ескертті.



Ұқсас жаңалықтар