CIA директоры Ресейдің Украина соғысында 15 мың сарбазынан айырылғанын айтты

CIA директоры Бернс Колорадодағы Аспен қауіпсіздік форумында сөз сөйледі.

1857599
CIA директоры Ресейдің Украина соғысында 15 мың сарбазынан айырылғанын айтты

АҚШ Орталық барлау басқармасының (CIA) директоры Уильям Бернс Ресейдің Украина соғысында 15 мың сарбазынан айырылғанын, Украина армиясының шығыны да осыған жақын екенін айтты.

CIA директоры Бернс Колорадодағы Аспен қауіпсіздік форумында сөз сөйледі.

Бернс Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерді өз елін қайтадан ұлы державаға айналдыратынына сендіргенін және бұл тек Украинаны бақылау арқылы мүмкін болады деп ойлайтынын алға тартты.

Соғыс барысы және Ресейдің шығыны туралы сұраққа Бернс былай деп жауап берді: «Шығындардың нақты саны жоқ, әдетте болжам болады. АҚШ барлау органының соңғы болжамы бойынша қаза тапқан әскер 15 000-ға жуық және жараланғандар да осыдан үш есе көп болуы мүмкін. Сондықтан шығын өте көп. Украиналықтар да көп зардап шекті. Мүмкін одан  азырақ шығар».



Ұқсас жаңалықтар