Ұлыбританияда жаңа премьер-министрді белгілеу процесі басталды

Ұлыбританияда биліктегі ​​​​консервативтік партия үкіметі сенім даусын алды.

1856642
Ұлыбританияда жаңа премьер-министрді белгілеу процесі басталды

Жаңа премьер-министрді белгілеу бойынша парламентте бес сағатқа жуық отырыстан кейін билік басындағы ​​Консервативтік партия үкіметі 349-ға қарсы 238 дауыспен сенім дауысын жеңіп алды.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның билік басындағы ​​​​Консервативтік партия басшылығынан отставкаға кетуінен кейін партия депутаттары арасында жалғасып жатқан дауыс беруде артта қалған үміткер Том Тугендхат 31 дауыс алса, ал бұрынғы Қаржы министрі Риши Сунак 115 дауыспен ең көп дауыс жинап үміткер болған еді.

Сунактан кейін Пенни Мордаунт 82, Лиз Трасс 71 және Кеми Баденох 58 дауыс жинаған болатын.

Көшбасшылық бәсекесінде соңғы екі үміткердің ең кеш 21 шілдеге дейін белгіленуі күтілуде.

Содан кейін бүкіл ел бойынша Консервативтік партияның 160 мыңға жуық мүшесі соңғы екі кандидаттың арасынан елдің жаңа премьер-министрін және партияның жаңа лидерін таңдайды.



Ұқсас жаңалықтар