АҚШ-та Novavax вакцинасына рұқсат берілді
Novavax вакцинасының АҚШ-та 18 жастан асқандар үшін төтенше жағдайда қолдануға рұқсат етілгені жарияланды.
Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) жаңа типті коронавируспен (Ковид-19) күресу үшін Novavax вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға 4-ші орында рұқсат етілді.
АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының әлеуметтік желісінде жасалған мәлімдемеде Novavax вакцинасының пайдасы қауіптерінен жоғары екені білдіріліп, оны АҚШ-та 18 жастан асқандар үшін төтенше жағдайда қолдануға рұқсат етілгені жарияланды.
Novavax 13 шілдедегі алдын ала мақұлдауымен, Pfizer-Biontech, Moderna және Johnson & Johnson-нан кейін АҚШ-та Ковид-19 індетіне қарсы қолданылған 4-ші вакцина болды.
Қазіргі жағдайда бұрын Ковид-19 вакцинасын ектірмегендерге 3 апта аралықпен екі компоненттік серия ретінде енгізуге болатын вакцина Бұрын Ковид-19 вакцинасын толық ектірген адамдар үшін оны еске салу компоненті ретінде таңдауға болмайды деп хабарланды.
АҚШ-тағы Ковид-19 вакцинациясының статистикасын бақылайтын Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының деректеріне қарағанда халықтың 21,5 пайызы Ковид-19-ға қарсы вакцина салғызбағаны анықталған.
Ұқсас жаңалықтар
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.