Жұмбақ гепатит індеті асқынып барады

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы гепатит вирусы Ұлыбританияда 22 баланың өліміне себеп болғанын хабарлады.

1855180
Жұмбақ гепатит індеті асқынып барады

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Ұлыбританияда пайда болған және бүкіл әлемге тарала бастаған белгісіз гепатит вирусы қазірге дейін 22 баланың өліміне әкеліп соқтырғанын және 1000-нан астам балаға жұғымдалғанын хабарлады.

Ұйымның жазбаша мәлімдемесінде жұмбақ гепатит індетіндегі соңғы жағдай туралы ақпарат берілді.

8 шілде күні 35 елде барлығы 1010 гепатит ауруының расталғаны білдірілген мәлімдемеде вирустан 22 баланың қайтыс болғаны хабарланды.

Ұлыбританияда сәуір айында пайда болып, аз уақытта көптеген елдерге тараған белгісіз гепатит вирусы 1 айдан 16 жасқа дейінгі балаларда байқалуда.

Вирустың сарғаю, іші өту, құсу және іштің ауыруы сияқты белгілері бар.



Ұқсас жаңалықтар