Токиода Абэ Синдзоны жерлеу рәсімі өткізілді

Абэ Синдзоның мәйіті қойылған көлік Премьер-министрлік кеңсесі, Парламент ғимараты және Абэнің Либерал-демократиялық партиясының ғимараты алдынан өтті.

1854657
Токиода Абэ Синдзоны жерлеу рәсімі өткізілді
sinzo abe cenaze toreni2.jpg
sinzo abe cenaze toreni.jpg
sinzo abe cenaze toreni1.jpg

Жапонияның астанасы Токиода 8 шілдеде сайлау науқаны кезінде қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқан бұрынғы премьер-министр Абэ Синдзоны жерлеу рәсімі өткізілді.

Токионың орталығындағы Зоджо-Джи буддистік ғибадатханасында аздаған адамдармен баспасөзге жабық өткен жерлеу рәсіміне отбасындағылармен бірге премьер-министр Фумио Кишида және депутаттар қатысты.

Жаназа рәсімінен кейін Абэ Синдзоның мәйіті қойылған көлік Премьер-министрлік кеңсесі, Парламент ғимараты және Абэнің Либерал-демократиялық партиясының ғимараты алдынан өтті.

Көлік жүретін жолда тығыз қауіпсіздік шаралары жүргізілгені байқалды, жол жиегіне жиналған мыңдаған адам қолдарына алған гүл шоқтарымен Абэ Синдзоны соңғы сапарына аттандырды.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Абэ 8 шілдеде елдің Нара қаласында Либералдық-демократиялық партия үміткерлерінің сайлау науқанын қолдап, ашық шарада сөйлеген кезде кеудесіне оқ тиген болатын.

Жапония мемлекеттік NHK телеарнасы шабуылдан кейін ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген Абэнің қайтыс болғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар