Владимир Зеленский  ұлтқа үн қатты

Зеленский: "Территориямыздан бас тартпаймыз. Украинаның барлық егемен аймағы Украинаға тән болып қалады. Адамдар мұны түсінсін" деді.

1853243
Владимир Зеленский  ұлтқа үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский серіктестерінен алған қаруларды жақсы пайдалана бастағандарын мәлімдеді.

Владимир Зеленский  ұлтқа үн қатты.

Владимир Зеленский: "Жауынгерлеріміз жаулаушылардың логистикалық басты қоймаларын және басқа маңызды түйіндерге мықты шабуыл жасауда. Бұл орыс армиясының шабуыл күшін азайтуда. Шабуылшылардың шығыны барған сайын артуда" деді.

Украина армиясының әсіресе оңтүстікте Херсон және Запорожье облыстарында әртүрлі бағыттар бойынша алға ілгерлеп келе жатқанын айтқан Зеленский: "Территориямыздан бас тартпаймыз. Украинаның барлық егемен аймағы Украинаға тән болып қалады. Адамдар мұны түсінсін" деп көрсетті.

"Бүкіл оңтүстік үшін, барлық украиналық Донбасс үшін соғысудамыз, қазір ол жерде аяусыз қақтығыстар болып жатыр. Славянск және Бахмут маңында Харьков облысы үшін соғысып жатырмыз» деген Зеленский:

"Жаулаушылар біздің территориямыздағы уақытының ұзаққа созылмайтынын, олардың зеңбірекші үстемдігінің мәңгі жалғаспайтынын білсін" деді.

Украина лидері Бас Штаб төрағасы Валерий Залужныймен жиналыс өткізгенін және армия мен барлау ұйымдарынан келген рапорттарды тыңдағанын білдіріп, "Жақында шабуылға өтетін бағыттарымызды бірге белгіледік" деп көрсетті.

Орыс армиясы 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастады.



Ұқсас жаңалықтар